Жапонияда жаңа автокөліктерді сату тамызда 2,3 пайызға өсті

ТОКИО. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Жапонияда жаңа автокөліктерді сату көлемі тамызда соңғы 13 ай ішінде оң нәтижені көрсетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Сарапшылардың бағалауынша бұл жергілікті рыноктың әлемдік экономикалық дағдарыстың қатты соққысынан кейін бірте-бірте сауыға бастағанын білдіреді.

Конвейерлерден шыққан мәшинелерді сату тамызда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға өскенін хабарлады бүгін Жапон автомобилдерін сату қауымдастығы. Елде жалпы көлемі 198 мың 265 жеңіл мәшинелер, жүк көліктері және автобустар сатылған.

Соңғы жаңалықтар