Жапонияда Жаңа жыл қарсаңындағы Сэцэбун мерекесі тойланады

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Сэцубун - Жапонияда Жаңа жыл қарсаңындағы мереке.

Жапонияда Жаңа  жыл қарсаңындағы  Сэцэбун    мерекесі  тойланады

Ақпанның 3-і немесе 4-і күні Жапонияда Сэцубун мерекесі тойланады (ескі күнтізбе бойынша Жаңа жыл қарсаңы). Сэцубун - жаңа жылдық ауысымның бастамасы. Мерекенің мақсаты - жын-перілерді қуу және зұлымдыққа жол бермеу. Сэцубун түнінде үйлерде Мамэ-маки («бұршақ шашу») салтанаты өтеді. Балалар кеселерге бұршақ салып, оларды әр бөлменің ішіне шаша жүріп, жын-перілерді қуатын дұғалар оқиды. Мерекенің соңында әрбір адам өзінің жасы нешеде болса, соншалықты бұршақ жейді. Бұл ырым жын-шайтандарды қуады және бүкіл жыл бойына денсаулықты сақтайды дегенді білдіреді.