Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жапонияда жер сілкінісі құрбандарының саны 28 адамға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Осы аптаның басында Жапонияның оңтүстік-батысында болған қуатты жер сілкінісінен қаза болғандар саны 28 адамға жетті, деп хабарлайды Kyodo ақпарат агенттігі.

Землетрясения в Японии: число погибших возросло до 28
Фото: Kyodo

Бейсенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша эвакуациялық орталықтарда 10 мыңнан астам адам бар. 

Кумамото префектурасының мәліметінше, шамамен 23 мың үй шаруашылығы электр қуатынсыз және шамамен 75 мың үй сусыз қалды.
Құтқарушылар тірі қалғандар адамдарды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Еске салсақ, жер сілкінісі Кюсю аралының ішкі бөлігінде болды. 

Жер сілкінісінен кейін 100-ден астам афтершок тіркелді, және көптеген адам жерасты дүмпулерінің қайталануынан қорқып, көліктерінде ұйықтауға мәжбүр. 

Префектурада алдағы күндері аптап ыстық болатыны болжанған, температура 39°C (102°F) дейін жетеді, бұл іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатуы мүмкін. Осыған байланысты билік құтқарушылар мен зардап шеккендерді аптап ыстықтан сақтану үшін сақтық шараларын қабылдауға шақырды.

Осыған дейін Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінгенін жаздық.