Жапониядағы орман өрті: мыңдаған адам үйін тастап кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның солтүстігінде төртінші күн қатарынан 1000-нан астам өрт сөндіруші екі ірі орман өртімен күресіп жатыр. Оттың жалыны тұрғын аймақтарға жақындап, мыңдаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ANEWZ.

Орман өрті: 10 адамның сүйегі Анкараға ДНҚ сараптамасына жеткізілді
Фото: AZƏRTAC

Өрт Иватэ префектурасының Оцути қаласының маңайында тұтанған, қазіргі таңда тілсіз жау шамамен 730 гектар жерді жойып, соңғы жылдары елде тіркелген ең ірі орман өрттерінің қатарына енді.

Қызыл жалын ең алғаш рет сәрсенбіде таулы жерде тұтанған, кейіннен оған жақын маңнан екінші өрт басталып, тұрғын үйлерге қауіп төндіре бастады. Билік 1541 үйді эвакуациялау туралы бұйрық шығарды, бұл шамамен 3200 тұрғынды, яғни қала халқының үштен бірін қамтыды.

Құзырлы органдардың мәліметінше, жергілікті жердің күрделі рельефі, құрғақ ауа райы мен қатты жел өртті бақылауға алуды қиындатуда, сондықтан өртті сөндіруге көмектесу үшін бірнеше префектуралардан және Жапонияның Қорғаныс күштерінен тікұшақтар тартылды.

Қазіргі таңда 8 ғимарат, соның ішінде бір тұрғын үй қираған, бірақ қаза тапқандар немесе жарақат алғандар туралы хабар түскен жоқ.

Префектураның мэрі Козо Хираноның айтуынша, билік эвакуацияланғандарға көмек көрсету және одан әрі шығындардың алдын алу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

— Мен адамдардың үйлерін тағы да жоғалтуына жол бермеймін, — деді ол.

Қазір өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жоғары дайындық деңгейін сақтап отыр, тілсіз жауды тоқтатып, жақын маңдағы елді мекендерді қорғау үшін күш салып жатыр.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында астық кептіргіш өртенгені туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар