Жапониядағы жер сілкінісі тәулік мерзімін қысқартты және Жердің осін жылжытты

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - "Жапониядағы кешегі зілзаладан кейін Жердің айналу осі 10-15 см жылжып кетті", - дейді сейсмологтар.

Жапониядағы жер сілкінісі тәулік  мерзімін  қысқартты  және  Жердің осін  жылжытты

"Жерасты дүмпулерінің бұл жолғы планетаның айналу осіне тигізген әсері, 2004 жылы Оңтүстік Азиядағы жер сілкінісі кезіндегідегі әсерден көбірек болып отыр. Ол жолы жер сілкінісі жердің осін 6 см жылжытқан еді", - деп хабарлайды РБК агенттігі «Голос России» агенттігіне сілтеме жасап.

Оған қоса, кешегі апат тәулік мерзімін 1,6 микросекундқа қысқартып отыр. Дегенмен мамандар, жапон зілзаласының жер осіне нақты әсерін анықтау үшін бұдан да дәлірек зерттеулер керек екенін айтуда.

Естеріңізге сала кетейік, 11 наурызда Жапонияда 8,9 балдық жер сілкінісі тіркеліп, оның салдарынан цунами апаты да орын алған еді. Апаттың ауқымдылығына байланысты, құрбан болғандар мен материалдық шығындардың нақты санын анықтау әзірге мүмкін болмай отыр.