Жапониялық Идзу түбегі сейсмикалық белсенді өңір болып отыр

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Идзу түбегіндегі өмір мазасыз сипат алған - соңғы төрт тәулік ішінде мұнда 250-ге жуық зілзала тіркелді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.руға сілтеме жасап.

Жеті адам зардап шекті - негізінен қариялар. Олар кенет болған жерасты дүмпуінен тепе-теңдіктерін жоғалтып, жарақат алған.

Жапониялық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, су құбырларының жарылуы және жоғары жылдамдықты пойыздардың уақытша тоқтауы туралы хабарлар түскен.

Метеорологтар осы аймақта сейсмикалық белсенділіктің тағы біршама уақыт сақталатынын ескертті.

Жапониялық архипелаг бірнеше тектоникалық плиталардың түйісінде орналасқан. Ғаламшардағы тіркелген барлық зілзалалардың 20 пайызы осында болған.

Соңғы жаңалықтар