20:22, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Жапониялық кит аулаушылар жануарларды қорғаушылардың кемесін суға батырып жіберді
АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Sea Shepherd Conservation Society табиғат қорғау ұйымына жататын кеме, бұдан екі күн бұрын жапониялық кит аулау кемесі тұмсығымен бүйірінен келіп соққаннан кейін бірте-бірте теңіз түбіне батып кетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Заңсыз кит аулау кәсібіне қарсы рейдтер үшін қайта жарақталған Ady Gil аса шапшаң жүретін ұшқыр қайық 24 метрлік Earthrace биодизелді құрылғымен жарақталған. Ол 2009 жылы моторлы кемелерге арналған жаһандық саяхат жасауда әлемдік рекорд орнатты. Экологтар ұшқыр қайықты кемені сатып алуға көмектескен американдықтың құрметіне Ady Gil деп атаған болатын.
Shonan Maru-2 кемесінде кәсіппен шұғылданатын жапондық кит аулаушылар екі күн бұрын киттерді қорғаушылардың кемесін бүйірден келіп соққан еді, бұдан кейін Ady Gil бірте-бірте су астына батып кетті.