Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жапонияның 41 префектурасында аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА.KAZINFORM - Жапониядағы аптап ыстық 41 префектурада ескерту жариялануына және ел бойынша жүздеген адамның ауруханаға жатқызылуына себеп болды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

аптап ыстық
Фото: Magnific

Басылымның хабарлауынша, жапондық метеорологиялық агенттік елде қалыптасқан аптап ыстыққа байланысты 41 префектурада жылу соққысының қаупі туралы ескерту таратқан. Бұл туралы NHK телеарнасы жаңбырлы маусым аяқталғаннан кейін мәлімдеме жасаған жапондық метеорологиялық агенттікке сілтеме жасап хабарлады.

Бірқатар ауданда ауа температурасы рекордтық деңгейге жақындады. Миэ префектурасының Кувана қаласында термометр бағаны 40,5 градусқа дейін, Хамамацуда (Сидзуока префектурасы) 40,1 градусқа дейін көтерілді. Басқа көптеген елді мекенде температура 39 градустан асты.

Тұрғындарға дененің қызып кетуінің салдарын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтау керектігі туралы ескертілді. Сарапшылар ұзақ уақыт ашық күн астында болмауға және сұйықтық мөлшерін үнемі толтырып отыруға кеңес берді.

Токио өрт сөндіру басқармасы аптап ыстықта Жапонияда 287 адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Kazinform үшін арнайы Anadolu серіктес агенттігі ұсынған.

Жапонияның Нагано префектурасында 5 балдық жер сілкінісі болғанын жазған едік.