07:30, 19 Қараша 2025 | GMT +5
Жапонияның Оита қаласында 170-тен астам ғимарат өртенді
АСТАНА. KAZINFORM – Оита қаласындағы халық тығыз орналасқан тұрғын алабында шыққан өрттен кейін 70 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті. Өрт 170-тен астам ғимаратты шарпыған, деп хабарлайды Kyodo.
Өрт сөндірушілер қаланың Саганосеки ауданында тұтанған өртті сөндіріп жатыр.
Қала билігі 170-тен астам адамның эвакуацияланғанын хабарлады.
Төтенше жағдай туралы полицияға тұрғындар хабарланған. Тілсіз жау Саганосеки балық аулау портының солтүстік-шығысындағы тұрғын ауданда басталған.
Айта кетейік, Түркістан облысында тұрғын үйде болған өрттен 12 адам мерт болды.
Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.