Жапонияның ірі компаниялары ЖИ-дің жаңа платформасын әзірлейді

АСТАНА. KAZINFORM — Жапонияның ірі корпорациялары — SoftBank, NEC, Honda Motor және Sony Group өздерінің жасанды интеллект платформасын әзірлейді, деп хабарлайды Kyodo.

Жапонияның ірі компаниялары ЖИ-дің жаңа платформасын әзірлейді
Фото: freepik.com

Компаниялар ішкі нарық үшін озық ЖИ жүйелерін енгізбек. Жобаға SoftBank, NEC, Honda Motor және Sony Group қатысады.

Дереккөздің хабарлауынша, бұл бастама АҚШ пен Қытайдың шешімдерімен бәсекеге түсе алатын ЖИ үлгілерінің дамуын жеделдетуге бағытталған. Компаниялар Жапония үкіметінің қаржылық қолдауына да үміт артып отыр.

Болашақта әзірлеушілер өнеркәсіптік роботтарды басқару жүйелерін қоса алғанда, өнім желісін кеңейтуді жоспарлаған. Жаңа кәсіпорын жасанды интеллект бойынша 100-ге жуық маманды тартуды көздеп отыр. Жобаны SoftBank-тің жоғары лауазымды қызметкері басқарады.

SoftBank және NEC дамуды басқарады, кейінірек оларға Токиодағы Preferred Networks қосылады.

Жаңа компания New Energy and Industrial Technology Development Organization-ға қаржыландыруға өтініш бермекші. Бұл — отандық жасанды интеллект технологияларын дамытуға шамамен 1 трлн иен (шамамен 6,3 млрд АҚШ доллары) бөлуге ниетті мемлекеттік орган.

Айта кетейік, елімізде құрылыс саласына ЖИ технологияларын енгізу жыл соңына дейін кеңейтіледі.