Жапонияның солтүстігінде қар тазалау жұмыстарына әскерилер тартылды

АСТАНА. KAZINFORM –  Жапонияда қалың қар жауып, салдарынан қаза тапқандар саны 46 адамға жетті. Салдарын жою жұмыстарына әскер тартылды, деп хабарлайды BILD.

Жапонияда қалың қар жауды
Фото: BILD

Жапонияда қалың қар қар жауып, бірнеше метрлік қар үйінділері пайда болып, жазатайым оқиғалар жиі тіркеліп жатыр. 

Жапонияда қалың қар жауды
Фото: BILD

Қазірдің өзінде 46 адам қаза тауып, 558 адам жарақат алды. БАҚ мәліметінше, кейбір адамдардың мәйіттері қар астында бірнеше күн бойы жатып қалған, себебі оларды дер кезінде табу мүмкін болмаған.

Жапонияда қалың қар жауды
Фото: BILD

Жапония билігінің дерегіне сәйкес, көптеген қайғылы оқиға ғимараттардың шатырларынан құлаған қалың қардың адамдарды басып қалуынан болған. Зардап шеккен аймақтарда үйлердің құлағаны туралы да хабарланған.

Жапонияда қалың қар жауды
Фото: BILD

Қаңтар айының соңынан бері Жапонияның солтүстігінде бұрын-соңды болмаған көлемде қар жауып жатыр. Көптеген өңірде қар әлі де тоқтаған жоқ. Аомори мен Аджигасава сияқты қалаларда биылғы қыста қар жамылғысының биіктігі бір метрден асты. Кейбір аудандарда қар қалыңдығы төрт жарым метрге дейін жеткен.

Жапонияда қалың қар жауды
Фото: BILD

Аомори губернаторы Соичиро Миясита қалалық әкімдік көшелерді, үйлерді және теміржол жолдарын қардан тазартуға шамасы жетпей жатқанын мәлімдеп, ақпан айының басында Жапония армиясынан көмек сұраған. Қазір сарбаздар, ең алдымен, қарттар мен жалғыз тұратын адамдарға көмектесе отырып, қар тазалау жұмыстарына қатысып жатыр.

Жапонияда қалың қар жауды
Фото: BILD

Айта кетелік Жапонияда қалың қар салдарынан ондаған адам көз жұмған еді.

Соңғы жаңалықтар