Жарылыстан кейінгі өрт: Испаниядағы көпқабатты үйден тұрғындар эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Испаниядағы ең биік зәулім ғимараттардың бірі — Torre Moeve мұнарасында жарылыс болып, оқиғадан кейін тұрғындарды эвакуациялау жарияланды, деп хабарлайды БелТА.

Жарылыстан кейінгі өрт: Испаниядағы көпқабатты үйден тұрғындар эвакуацияланды
Фото: Видеодан скрин

Бұл туралы Испанияның El Pais басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, ғимарат ішінде жарылыс болып, оның салдарынан өрт шығып, 25-қабатты қалың түтін басқан. Зәулім ғимаратта 45 қабаттан тұрады.

Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру бөлімдері мен медициналық қызмет мамандары жетті. Төтенше жағдай қызметтеріндегі дереккөздің мәліметінше, өрт сөндірілді.

Қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ. Түтіннен уланған екі адамға медициналық көмек көрсетілді.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Бұған дейін Испаниядағы орман өрті шамамен 330 гектар аумақты шарпығаны туралы хабарлаған болатынбыз.