13:30, 23 Қараша 2017 | GMT +5
Жарқайың ауданына жаңа әкімі тағайындалды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Мәлік Мырзалин ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының қолдауы негізінде, ротациялау тәртібімен Жарқайың ауданының әкімі қызметіне Мұрат Балпанды тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұрат Сағатұлы 1970 жылы Ақмола облысының Ақкөл ауданында туған. Екі жоғары білімі бар. Әр жылдары Наумов селолық округінің әкімі, Ақкөл аудандық әкімінің орынбасары, Целиноград ауданы әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарды.
2012 жылдың сәуірінен бастап, 2014 жылдың маусымы аралығында Бұланды ауданының әкімі қызметін атқарды.
2015 жылдан бері облыстық ауыл шарушылығы басқармасының басшысы лауазымында болды.