13:13, 24 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жарқайың ауданында нан бағасы екі теңгеге арзандады
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданында нан бағасы екі теңгеге арзандап,

бөлкесі 45 теңгеден сатылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімі Аманбек Қалжановтың айтуынша, бұл өңірде билік пен бинес өкілдері арасындағы түсіністік нәтижесінде шешімін тауып отырған әлеуметтік іс-шара болып табылады. Қазіргі кезде облыстың сақтық қорынан 795 тонна астық арзандатылған бағамен ұн тарту кәсіпорындары мен наубайханаларға жөнелтілуде. Бүгінде өңірде үлкенді-кішілі үш диірмен мен он наубайхана тұтынушылардың талап-тілектерін орындауға жұмылуда.
«Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің нәтижесінде ұн мен бірқатар азық-түлік бағасы ырықтандырылып, арзандатуға мүмкіндік туып отыр», -дейді аудан басшысы.