Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жарқайың ауданында шағын кәсіпкерліктен бюджетке 28 миллион теңге қаржы түсті

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 18-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданының бюджетіне ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында шағын және орта бизнес нысандарынан 28 миллион теңге қаржы құйылды,

Жарқайың ауданында шағын кәсіпкерліктен бюджетке 28 миллион теңге қаржы түсті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бүгінде өңір экономикасына елеулі үлес қосып отырған 1162 кәсіпкерлік нысанда 4128 адам жұмысқа тартылған. Жыл ішінде олардың қажырлы еңбегі нәтижесінде 75 миллион теңгенің қызметі атқарылып, өнім өндірілген, өсім өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 24,3 пайызды құрайды. Өткен үш айда шағын және орта бизнес бойынша 27 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауданда 1063-і адам өз ісін ашып, несібесін тауып отыр.