Жарқайың ауданында «Жол картасы» бойынша әлеуметтік нысандар ретке келтірілді

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданында «Жол картасы» бағдарламасы аясында тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық нысандары мен ауыларалық жолдар ретке келтірілді.
None
None

Осы мақсатқа қазынадан 142 миллион 380 мың теңге мөлшерінде қаржы қарастырылып, дер мерзімінде игерілген. Бұл ретте Қаракемір ауылының су құбырларын жаңарту мен жабдықтарды алмастыру ісіне 117 миллион теңге бөлініп, маңызды іс- шараны «Коммунсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны сапалы атқарып шыққан. Тендерде жеңіске жеткен «Арна К» жауапкершілігі шектеулі серіктестік ауыларалық жолдарды, Державин қаласы көшелерін қалпына келтірд. Оған 22,5 миллион теңге жаратылды. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мақсатына бір жарым миллион теңге, ал жастар тәжірибесіне 1 миллион 200 мың теңге қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар