Жаркентте көлік жолға шығып кеткен велосипедші баланы қағып кетті
АСТАНА.KAZINFORM - Жаркенттегі жол-көлік оқиғасы болған жерден түсірілген фотосурет әлеуметтік желілерде тарады. Онда бір адам жол жиегінде жатыр.
Жетісу облыстық полиция бөлімі апат болғанын растады. Департаменттің мәліметінше, апат 17 шілдеде Панфилов ауданының Жаркент қаласында болған.
- Алдын ала мәліметтер бойынша, Пушкин көшесімен келе жатқан Audi A6 көлігінің жүргізушісі Уәлиханов көшесінің қиылысынан жолға шығып, қауіпсіздікті қамтамасыз етпей, кәмелетке толмаған велосипедшіні қағып кеткен. Апат салдарынан жасөспірім ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады полиция.
Апатқа қатысты дәлелдемелер жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін ұсынылды.
Полиция ата-аналарды балаларына жол қауіпсіздігі ережелерін үнемі еске салып отыруға шақырды. Велосипедшілерге жолдан өткен кезде өте сақ болуға, алаңдататын нәрселерден аулақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес берtді.
Айта кетейік, Астанада жол ережесін 87 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды.