Жартылай финалда сәл жылдамдығым жетпей қалды - Абылайхан Жүсіпов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Гамбург қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында өзбекстандық Шахрам Гиясовтан төрешілердің шешімімен жеңіліп, қола жүлдеге ие болған Абылайхан Жүсіпов өзінің жекпе-жегіне қатысты пікірі білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Таспаны қайта айналдырып қарау керек. Аға бапкерлердің қойған тактикасын ұстандым. Өкінішке орай, кейбір сәттерді өзім дұрыс істемедім. Сол себепті жеңіс ана жаққа кетіп қалды. Кейінгі жарақат қайта ашылып жатыр. Ойымда тек қана реванш болған. Көбінесе сол алдыңғы нөмірдегі тактикамен шыққан болатынбыз. Қарсыласқа қарай өтетін соққыларды ұрғымыз келді. Сәл жылдамдық жетпей қалды деп ойлаймын», - дейді Абылайхан Жүсіпов.

Еске сала кетсек, Абылайханмен бірге бокстан әлем чемпионатында Жомарт Ержан мен Василий Левит те қола медальге ие болған болатын. Чемпионатты Qazsport арнасынан тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар