Жарық пен жылу үшін берешек адамдардың пәтерлері сатуға қойылуда - Павлодар

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Энергоорталық» акционерлік қоғамы өткен жылы павлодарлықтар үстінен жылу мен жарық үшін жалпы сомасы 212 миллион теңгенің 4 мыңдай шағым-арызын берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сот шешімімен қазірдің өзінде 98 миллион теңге өндірілді, сот амалдары одан әрі жалғасуда. Жарық пен жылу үшін қарыздары өте көп кәнігі төлемеушілерге сот қатаң шаралар қолданып отыр - Павлодарда аукционнан екі пәтер сатылды. Сот орындаушылары төрт жыл бойы коммуналдық қызметтер үшін төлемей келген, энергетиктерге 582,7 мың теңге берешек азаматтың баспанасын саудаға шығару үшін материалдар дайындап жатыр.
Соңғы жаңалықтар