Жас ғалым алашшыл жастар қозғалысынан кандидаттық диссертация қорғады

ОРАЛ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Есқайрат Хайдаров аталмыш оқу орнының біріккен диссертациялық кеңесінің мәжілісінде «ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым» деген тақырыпта кандидаттық еңбегін сәтті қорғап шықты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жас ғалым тарих ғылымдарының докторы, профессор Бақтығұл Бірімжаровтың жетекшілігімен Қазақстандағы жастар қозғалысының тарихын біршама зерттеген. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдары Санкт-Петерборда болған саяси оқиғалар әсерінен осында білім алып жүрген Бақтыгерей Құлманов сынды жігіттер «Жерлестер» үйірмесін құрса, жиырмасыншы ғасыр басында жастар қозғалысы өрістей түседі. Айталық, 1917 жылғы қос революция тұсында тек қана алашшыл жастар ұйымдарының ұзын саны 21-ге жеткен. Осындай деректерді молынан келтірген Е.Хайдаровтың кандидаттық диссертациясын мәжіліске қатысушылар лайықты бағалады.
Соңғы жаңалықтар