10:12, 18 Мамыр 2019 | GMT +5
Жас қаламгерлерге арналған байқау жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жастар жылына» аясында республикалық «SEMSER» әдеби конкурсын жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
![None None](/static/img/plug.webp)
«SEMSER» әдеби конкурсы үш аталым бойынша өтпек. Атап айтар болсақ, үздік проза, үздік поэзия, үздік әдеби сын. Әр аталым бойынша бас жүлде - 1 000 000 теңге болса, бірінші орын жеңімпаздарына 500 000 теңгеден жүлде тігіліп отыр. Сонымен қатар, арнайы әдеби сыйлықтар да бар. Гран-при иегеріне «SEMSER» әдеби сыйлығы табысталады.
Байқауға 45 жасқа дейінгі қаламгерлер қатыса алады. Конкурс ережелерімен мына жерден танысуға болады.