«Жас қанат» байқауының қатысушылары іріктелді

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат -  Мамырдың 18-20-сі күндері Астанада жас орындаушылардың республикалық «Жас қанат» байқауы өтеді.
None
None

Осымен жиырма бірінші рет өткелі отырған өнер додасының биылғы сындарына қатысқан жас өнерпаздардың саны рекордтық межеге жетті. Бұған дейін мұндай көп өтініш еш түспеген көрінеді. Дегенмен, сарапшылар алқасы олардың арасынан тек 16 жас өнерпазды іріктеп алған. Олар - Айдын Әбдіжүсіпов (Аягөз), Нұрболат Абдуллин (Ақтөбе), Ақмаржан Байназарова (Қызылорда), Гүлнар Дамаева (Астана), Ибрагим Жантулин (Орал), Елдана Дүйсенова (Павлодар), Меруерт Желдібаева (Астана), Күлайым Қайырбаева (ШҚО), Айна Қалмағамбетова (Тараз), Қамсызбай Құрмет (Павлодар), «Кербез» дуэті (Семей), Димаш Құдайберген (Ақтөбе), Әділхан Макин (Петропавл), Гүлсім Мырзабекова (Қарағанды), Бақытжан Орақаев (Орал) және Нәзира Хибашова (Орал).

«Жас қанат» байқауының ұйымдастырушысы «Азия дауысы» халықаралық фестиваль орталығы болса, қолдаушысы - Астана қаласының әкімдігі мен «Хабар» агенттігі.

Соңғы жаңалықтар