19:48, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Жас кезінде экранға жақын отырған бала болашақта алыстан көрмейтін жағдайға жетеді - АҚШ ғалымдары
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғимарат ішінде ұзақ уақыт компьютерде отыратын немесе басқа да электрондық құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланатын балалар алыстан көрмей қалауы мүмкін, деп хабарлады америкалық офтальмологтар.

Лос Анджелестегі Оңтүстік Калифорния Университеті жанындағы институт директоры доктор Рохит Вармның анықтауынша, қазір балалар уақытының басым бөлігін мобильдік құрылғы, планшет, басқа да электрондық құрылғылармен өткізеді.
Ғалымдардың пікірінше, жас кезінде экранға жақын көп отырған бала болашақта алыстан көрмейтін жағдайға жетеді.