09:19, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
?Жас маман-2009? жәрмеңкесі өткізілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) –Облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қоры "Жас маман-2009" бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жәрмеңке барысында Елбасы Жолдауында айтылған жастар тәжірибесін ұйымдастыруға, соған сәйкес жұмыс жасайтын "Жол картасы" мен Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасының облысымызда жүзеге асырылуы туралы тиісті сала мамандары ақпарат берді. Бұл күні 70-тен аса бос жұмыс орындары туралы мәліметтер тақтайшаларға ілінсе, қаламыздағы жиырмаға тарта мекеме өкілдері керекті мамандарын іздеп келіпті. Ер азаматтар арасында кран жүргізушісі, құрастырушы мамандықтарына сұраныс жоғары болды. Сонымен бірге кәсіби бағдарлауға байланысты жұмыссыз жастарға ұйымдастырылған оқу курстарын бітірушілерге сертификаттар тапсырылды. Қатысушы жастарға психологиялық тренингтер мен белсенді жастардың шеберлік дәрістері ұйымдастырылып, жұмысқа орналасу кезіндегі құқықтары мен міндеттері жөнінде әдістемелік құралдар таратылды."Жас маман-2009" жәрмеңкесі жыл басынан бері үшінші рет өткізіліп отыр.