Жас мұғалімдер пәтер алады ? Атырау
АТЫРАУ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің педагогика факультетін бітірген жас мамандар қалалық мектептерге қызметке орналасса, оларға пәтер беріледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы болашақ мамандарға қала әкімі Сәлімжан Нақбаев айтты. Қазір Атыраудың орыс мектептерінің сыныптарында қазақ тілінен, математика, физика, химия пәнінен және бастауыш сыныптарға сабақ беретін 65 мұғалім жетіспейді. Сондықтан да, биылғы жылы мектепке келген мұғалімдерге пәтер беріледі. С.Нақбаевтың сөзіне қарағанда, жас ұстаздардың әрқайсысымен келісімшарт жасалып, осыған сәйкес қызметтік пәтер 5 жылға беріледі. Осы мерзім ішінде маман келісімшарт талабын бұзбаған болса, онда пәтер меншікке өтеді.