«Жас Отан» ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерді жұмыспен қамтымақ

«Елімізде төрт жыл қатарынан өткізіліп отырған «Сәтті қадам» жобасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Биыл оған өзгерістер енгізілді және енді бұдан былай екі бағытта өрбитін болады. Мемлекеттік және жеке секторды осы іске тарта отырып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған университет түлектерін жұмыспен қамту туралы шешім жасалды. Біз бұл жаңа бағыттың басталғандығын xабарлаймыз», - деді ол.
Оның айтуынша, аталған бағыттағы жұмыстарға қажыр-қайрат қажет.
«Алайда, бұл процесс басталып кетті, осы бастаманы қолдауға дайын тұрған жүрегі жұмсақ, жаны жайсаң азаматтар өте көп. Қазіргі уақытта 172 меморандумға қол қойылды», - деп атап өтті Ш. Байманов.
Айта кетейік, ҚР БҒМ ақпараты бойынша, жетім өскен түлектер саны 3 600 адамды құрайды. Олардың ішінде 2441 түлек теxникалық және кәсіптік білім беру орындарын бітіріп жатыр.