Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Жас Отан» жастар қанаты «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында республиканың аймақтарына 34 жас маман жіберген

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында республиканың аймақтарына партияның астаналық филиалынан 34 жас маман жіберген.

«Жас Отан» жастар қанаты «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында республиканың аймақтарына 34 жас маман жіберген

Бұл мәліметтерді бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Астана қалалық филиалының  кезектен тыс XVI съезінде осы филиал төрағасының орынбасары Қайрат Жаңабергенов мәлім етті.

Оның деректеріне қарағанда, бүгінде филиал партияішілік және саяси бағыттағы жұмыстарды тұрақты жетілдіріп отыр. Нәтижесінде биылғы жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша, филиалда бастауыш партия ұйымдарының саны 295-ті құрады. «Қалалық партия ұйымдары санының артуымен қатар олардың құрамының сапасы да жетіліп келеді. Бүгінгі таңда филиал құрамындағы азаматтардың 61 пайызы - әйелдер, 45 пайызы - 30-ға дейінгі жастар, партия мүшелерінің 60 пайызы жоғары білімді. Партия өкілдерінің 12 пайызы - мемлекеттік қызметкер, 16 пайызы - білім, ғылым және мәдениет саласында қызмет етіп жүр, 13 пайызы - денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 13 пайызы - экономика саласындағы кәсіпорындар мен қызмет көрсету орындарының өкілдері, 5 пайызы - шағын және орта бизнестегі азаматтар», - деді филиал төрағасының орынбасары.