«Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі семинар өтіп жатыр

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Серік Қожкенов/ -«Нұр Отан» партиясының Парламентаризм институтының партиялық оқу орталығында бүгін «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшылары мен партияның облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының жастар саясаты жөніндегі консультанттарының біліктіліктерін арттыруға арналған семинар өтуде.
None
None
«Мемлекет пен қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі жастардың рөлі» тақырыбына арналған семинардың мақсаты ? партияның жастар активін қоғамдық-саяси жұмыстың алдыңғы қатарлы дағдыларына, заманауи әдістеріне үйрету болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Семинар жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, орталық атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының жауапты қызметкерлері қатысуда.
Соңғы жаңалықтар