«Жас отан» жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық базаларға қоғамдық сараптама жасады

АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік- құқықтық базаларға қоғамдық сараптама жасаудың қорытындыларына орай брифинг болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешовтың айтуынша, жасотандықтар бастамасымен құрылған сараптамалық топ негізінен жастар саясаты субъектілерін құқықтық қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерді жариялаумен, қолданыстағы салалық заңның ескірген нормаларын, олқылықтарды анықтаумен айналысқан. Сонымен бірге, сараптамалық топ аталған жастар саясаты саласын заңнамалық тұрғыдан жақсарту үшін ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуді де қолға алған болатын. Осыған орай, сараптамалық топтың жетекшісі Семей қаласы Жас ғалымдар қауымдастығының төрағасы Думан Жампейісов өткен жылғы тамыз айынан бері қарай қолданыстағы 20 заң мен заң актілеріне сараптама жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, қолданыстағы заң нормаларында жастар арасындағы әлеуметтік қызметтерді жетілдіруге, тұлғаларды бейімдеу бойынша қызметтер ұсынуға, бас бостандығынан айырылған жастарға, әскери қызметтен босаған азаматтарға қатысты, сондай-ақ, оқу орындарында білім алатындарға берілетін жеңілдіктер заң жүзінде көрініс таппай отыр. «Жалпы алғанда, мемлекет тарапынан әсіресе оқитын жастарды қолдауға бағытталған шаралар жан-жақты атқарылып келеді. Дегенмен де, бұл бағыттағы заңнамалық жетілдіру жұмыстары әлі де біршама назар аударуды қажет етеді. Мәселен, жас азаматтарды еңбекпен қамтуда олардың құқықтары толық жүзеге аспайды. Ал мемлекет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету тек қана кәмелетке жетпей жатып ата-аналарынан айырылған 20 жасқа толмаған тұлғаларға ғана қарастырылып отыр», деді Д. Жампейісов. Сараптама қорытындылары талқылаудан өткен соң, тиісті ұсыныстар мемлекеттік органдарға жолданатын болады.
Соңғы жаңалықтар