Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Жас Отан» жастар ұйымы қайырымдылық шарасын өткізді

АЛМАТЫ. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыда «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты ұйымы Алматы қалалық филиалы Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154-ші мектепте қайырымдылық шарасын өткізді,

«Жас Отан» жастар ұйымы қайырымдылық шарасын өткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайырымдылық шарасы «Мектепке барар жол» республикалық шарасы аясында ұйымдастырылып отыр. Оған «ABDI» компаниясы мен «City plus» сауда орталығы демеушілік жасады. Сонымен бірге, Еуразия жастар конгресінің Алматы қаласы бойынша өкілдігі қолдау көрсетті.

«Біз осы шараға қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан ұжымдарға алғысымызды білдіреміз. Қайырымдылық акциясында жасотандықтар талмай қызмет етті. Кішкентай бүлдіршіндердің жаңа оқу жылын үлкен ықыласпен бастауын біз осы еңбегіміздің жемісі деп санаймыз», деді «Жас Отан» жастар ұйымының Алатау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Арманбек Өмірғали.

Шара барысында бастауыш сыныптардан құралған 30 оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған сөмкелер табыс етілді.

«Жас Отан» жастар ұйымы мұндай шараларды әрдайым ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және жүзеге асыруда да біраз жұмыстар атқарып келеді. Осы шараға Алматы қаласы аудандарындағы барлық бөлімшелер атсалысты. Біз осы игі ісіміздің қасиетті Рамазан айымен сәйкес келгеніне қуаныштымыз», дейді жоба үйлестірушісі Еркежан Қабдырашова. Оның айтуынша, жасотандықтар алдағы уақытта да осындай келелі істерін жалғастыра бермек.