Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жас павлодарлықтар өз дауыстарын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді - Р.Қаппасов

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Президент сайлауы қазақстандықтардың өмірінде елеулі оқиғаға, ал жастар үшін саяси тұрғыда жетілу сынағы болды, деді облыстық мәслихат депутаты, «Жасыл ел» студенттік және жастардың еңбек жасақтары штабының жетекшісі Рахат Қаппасов.

Жас павлодарлықтар өз дауыстарын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді - Р.Қаппасов

«Бұл сайлауда жастар өте көп болды. Олар өздерінің азаматтығын танытып, өз елінің бейбіт болашағы мен одан әрі дамуы үшін таңдау жасады. Президенттің дана саясатының арқасында біз бейбіт аспанның астында өмір сүріп, білім алуға, мамандық таңдауға, жеке ісімізді ашуға мүмкіндік алып отырмыз.

Елбасымыз өз сөздерінде жастар - Қазақстанның болашағы, ел тағдыры солардың қолында екенін талай рет қайталаған болатын», - деп атап өтті Р.Қаппасов.

Бұл күндері біз Көшбасшымыздың сайлаудағы жеңісіне қуанып жүрміз, бұл - барлық қазақстандықтардың жеңісі, деп есептейді «Жасыл ел» студенттік және жастар еңбек жасақтары штабының жетекшісі.