«Жас Сұңқар» әскери-патриоттық клубының үшкүндік республикалық жиыны аяқталды

АСТАНА.  3 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін 68556 әскери бөлім базасында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 20 жылдығына орай «Жас Сұңқар» әскери-патриоттық клубының үшкүндік республикалық жиыны аяқталды.
None
None

Жеңімпаздарды өтпелі  кубок пен «Нұр Отан» партиясынан дипломдар күтіп тұр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жиынға 13 пен 16 жас аралығындағы бозбалалар мен бойжеткендер қатысты. Олардың барлығы әскери-спорттық клубтардың, кадет сыныптарының, әскери-спорттық бағыттағы мектеп-интернаттардың түлектері. «Ең үздік» атағына Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 12 клубтың өкілдері таласқа түсті. Осы жиын барысында жасөспірімдер қару-жарақты бөлшектеу мен жинауда өте жақсы нәтижелер көрсетіп, екі мың метр қашықтыққа жүгіріп, тіпті қоян қолтық күресте де бәс бермеді.

Сондай-ақ, аталған шара шеңберінде кеше ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері, өздерінің кәсіби мерекелерінде, Отанымыздың келешек қорғаушылары алдында жауынгерлік шеберліктерін паш еткен болатын.

Бұл күні қадірменді қонақтар мен қаорғаныс басшылығы жеке құрамды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ал жауынгер-десантшылар өз кезегінде кедергілер алабынан өтіп, «қала жағдайында жауынгерлік қимылдар жасау» барысынан эпизод қойып, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қойылым түрінде көрсетті.

Әуе-десант әскерлері Қарулы күштерінің тарихына енгізген жарқын сәттері аз емес. Олардың ерліктері мен ержүректілігі, Отанға деген шексіз махаббаттары өшпес даңққа айналды. Бүгінде жауынгер-десантшылар әскерге дайындалып жүрген жас ұрпақтың жүрегінде құрмет пен мақтаныш тудырады.

Соңғы жаңалықтар