Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жас талантты ғалымдар, өнертапқыштар мен бизнесмендерді «Инновациялық форсаж» байқауына шақыруда - Павлодар

ПАВЛОДАР. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін «Инновациялық форсаж» байқауының телевизиялық нұсқасының логотипі бар автобус Павлодар қаласына жетті, деп хабарлады кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан.

Жас талантты ғалымдар, өнертапқыштар мен бизнесмендерді «Инновациялық форсаж» байқауына шақыруда - Павлодар

Инновациялық бизнес-жоспарлар республикалық байқауының ұйымдастырушылары тұрғындарға «NIF$50K» байқауы туралы хабарлап, аймақта жас ғалымдар, талантты өнертапқыштар мен болашақ бизнесмендерді іздестіруде.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, технологиялық дамыту бойынша Ұлттық агенттігінің сарапшылары, бизнес-қауымдастығының өкілдері мен журналистер инновациялық идеялардың авторларымен кездесіп, жаңашылдардың пікірін тыңдайды. Кездесу барысында ғалым және өнертапқыш өз жобасын көрсете алады.

Оларға алғаш рет байқауға қатысуға өтінімді жергілікті орындарда беріп, агенттік көрсетіп отырған қолдау құралдары бойынша кеңестер алу мүмкіндігі беріледі. Бұл өтінімдер қабылдау басталған гранттар, технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы.

Инновация автобусы бұған дейін Петропавл және Қарағанды қалаларында болды.