Жас теннисші Зарина Диас Италияда жартылай финалға шықты

АСТАНА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның жас спорт өкілі Зарина Диас Италиядағы ITF $25 000 Rome-Tevere Remo әйелдер турнирінде жартылай финалға шықты.
None
None

Ширек финалда Зарина Диас ГРФ теннисшісі Сина Хаасты 6:4,6:2 есебімен жеңді. Жартылай финалдағы Заринаның қарсыласы украин спортшысы Юлиана Федак болды, деп хабарлайды Қазақстан теннис Федерациясы.

Өкінішке орай қазақстандық спортшы Михаил Кукушкин Германиядағы Челленджер Marburg Open турнирінде ширек финалға шыға алмады. Ол испандық Даниэл Муноз-Де Ла Навадан 3:3,6:4,3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар