Жасанды түсік жасау әйел денсаулығына айтарлықтай қауіпті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - 2008 жылы Қазақстанда 123 мың әйел, биылғы жылдың  жеті айында  60 мың әйел  жасанды түсік жасатқан. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы денсаулық сақтау департаментінің өкілдері Қазақстан баспасөз клубында өткен  мәслихатта мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Дүниежүзілік Контрацепция күніне орай өткізілген баспасөз мәслихатында жасанды түсік жасатудың әйелдер денсаулығына әсері туралы мәселе сөз болды.

         «Өкінішке орай, бұл мәселе барша халыққа ортақ проблемаға айналды. Жоспарланбаған жүктілік жалпы қоғамға әсер етумен қатар, көп жағдайда түсік жасаған әйелдің психологиялық, әлеуметтік, қаржылық жағдайына кері әсер етеді. Кәмелетке толмастан ана болған әйел білім алу, қызмет ету жоспарларынан айырылады, тіпті өмір сүру деңгейі төмендейді. Жасанды түсік  әйелдің физикалық және психикалық денсаулығына орны толмас зиян келтіруі, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін», дейді  Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының балалар мен жасөспірімдер гинекологиясының маманы Эльнора Шакаралиева. Оның айтуынша, ақпараттық қордың молдығына қарамастан,  контрацепцияларды насихаттау, жоспарлау тәсілдерін таңдауда ақпарат беру аз болып отыр.

         Жасанды түсік бойынша статистика алаңдатарлықтай жағдайда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 2006 жылы - 130 мың, ал 2007 жылы - 133 мың жасанды түсік жасалған. Бұл көрсеткіштер экономикалық дамыған елдердің көрсеткіштерінен әлдеқайда көп болып отыр.

Соңғы жаңалықтар