Жасына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін қашан рәсімдеу қажет
АСТАНА. KAZINFORM – ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік бюджеттен және БЖЗҚ-дан төлемдер бір мезгілде рәсімделеді.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері ерлерге — 63 жастан бастап, әйелдерге — 61 жастан бастап тағайындалады.
— Егер сіз зейнеткерлік жасқа жетсеңіз және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарыңыз болса, зейнетақы төлемдерін уақытылы алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша ХҚКО-ға зейнеткерлік жасқа 10 күн қалғанда жүгінуге болады, — делінген БЖЗҚ хабарламасында.
Бұл жағдайда төлемдер зейнеткерлік жасқа жеткен күннен бастап тағайындалады.
Егер кеш жүгінсеңіз, өткізіп алған кезең үшін төлемдер жүргізілмейді.
— ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік бюджеттен және БЖЗҚ-дан төлемдер бір мезгілде рәсімделеді. Сондықтан зейнетақы төлемдерін уақытында рәсімдеуге кеңес береміз, — делінген хабарламада.
Айта кетелік зейнеткерлерге пойыздарға 25% жеңілдік берілген еді.