Жаслан Мәдиев: Астана IT-компаниялардың жаңа орталығына айналып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда IT-компаниялардың қарқынды өсімі жаңа инфрақұрылымға деген сұранысты арттырып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Жаслан Мәдиев
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Елімізде IT-компаниялардың саны жылдан жылға артып келеді. Осыған байланысты инфрақұрылым мен кеңістікке деген қажеттілік те жоғарылап отыр. Келесі кезең — ЭКСПО аумағын халықаралық цифрлық шешімдер орталығына айналдыру. Ол өз кезегінде экспоненциалды кластердің өзегіне айналмақ, — деді Мәдиев.

Open dialogue
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Спикердің айтуынша, Қазақстанда криптоэкожүйені дамыту мен венчурлық қаржыландыруды кеңейту тұрақты экономикалық өсімнің жаңа драйверіне айналуы ықтимал.

Бұған дейін әр маман негізгі кәсібімен қатар цифрлық дағдыларды жетік меңгеруі керек екенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар