Жасөспірімдер арасында БҚО чемпионатының жеңімпазы атанған боксшылар енді облыс намысын қорғамақ

БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, атап айтқанда, Нұркен Бақтығалиев (40 келі, Қазталов), Бекарыс Ғалымжанов (42, бокс БЖСМ), Мейірбек Нұрлыбеков (44, бокс БЖСМ), Шыңғыс Мұратов (46, спорт-интернат), Елдар Елдосов( 48, Ақжайық), Дамир Базарбаев (50, спорт-интернат), Жеңіс Жәукенов (50, 2-ші топ, Зеленов), Аршат Сапарғали (52, бокс БЖСМ), Айдар Жәутіков (54, бокс БЖСМ), Жарас Юмабаев (57, Шыңғырлау), Жастілек Дулатов (57, 2-ші топ, бокс), Қамбар Ғиниятов (60, спорт-интернат), Ботабек Садихов (63, бокс), Илья Кучеров (63, 2-ші топ, Зеленов), Олжас Шакелов (66, Ақсай), Райбек Жасұланов (75, Ақжайық), Әлішер Ережепов (80, бокс), Дәурен Жасталапов ( +80, бокс БЖСМ) жеңіс тұғырына көтерілді.
Жеңімпаз спортшылар қаңтар айының аяғында Жамбыл облысының Шу қаласында өтетін аймақтық чемпионатқа қатысады.