Жасөспірімдер арасында волейболдан қалааралық жарыста Оралдың «Конденсаты» жеңіске жетті
ОРАЛ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласы әкімінің жүлдесі үшін 1993 жылғы және одан кіші жасөспірімдер арасында волейболдан «Достық» турнирі мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыс қорытындысында Оралдың «Конденсаты» жеңімпаз атанды. Ресейдің Новокуйбышевск қаласынан келген жасөспірім волейболшылар - екінші, уфалықтар үшінші орынды еншіледі. Сондай-ақ жекелеген үздік ойыншылар да марапатталды.
Алдағы уақытта аталмыш жарысты жыл сайын ұйымдастыру ойластырылуда.