Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері талқыланды - ОҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық прокуратурамен бірлесіп, аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Тәртіпке бағынған құл болмайды» атты тақырыпта семинар өтті.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері талқыланды - ОҚО

Семинарда бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарланған аудандық әкімдіктің сайтында. Жиында қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі - жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың көбеюі, осындай жағдайлардың алдын алу үшін жасөспірімдеріміздің бойына дұрыс тәрбие мен құқықтық білім беру мақсатында жастарды әдепті, саналы азамат ретінде және өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу бағыттары сөз болды. Семинарға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Шомпеиев, прокурор көмекшісі М.Ералиев, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Қ.Маханов, әкімшілік полиция бастығының орынбасары М.Шолқыбаев, «Жастар орталығы» КММ директоры С.Айтенова, ата-аналар төрағалары және қаладағы белсенді жастар қатысып, жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелерді өзара талқыға салды. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас¬өспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.