Жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болуына шектеу қою қарастырылған заң жобасы Парламент қарауында жатыр

АНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болуына шектеу қою қарастырылған заң жобасы қазіргі уақытта Парламенттің қарауында жатыр. Бұл туралы бүгін  «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалында болған «Қазіргі таңда салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты  ғылыми-тәжірибелік конференцияда ІІМ Есірткі бизнесімен  күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің басқарма бастығы Марат Боранбаев айтты,

Жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болуына шектеу қою  қарастырылған заң жобасы Парламент қарауында жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жасөспірімдер үшін мұндай «коменданттық сағат» енгізу туралы шешім Ресейдің бірқатар аймақтарында қабылданған. Бұл шара өзін-өзі ақтап отыр. Біз де жоғарыда аталған заңды қабылдасақ, балалардың кешкі және түнгі уақыттарда зәбір көруіне, келеңсіз оқиғаларға тап болуына тосқауыл қоямыз»,  дейді М.Боранбаев.

Бұдан бұрын жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторлары жұмысқа кіріскен болатын. Қазірдің өзінде ол оң нәтиже беріп отыр. Республика бойынша 1453 мектепте инспектор қызмет атқарады. Олар білім ордасында және оның аумағында жасөспірімдер арасында болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу  және салауатты өмірді насихаттау жұмысымен айналысады.