Жасөспірімге ішімдік сатқан сатушы 8 мың теңге айыппұл төлейтін болды - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - 17 жастағы жасөспірімге ішімдік сатқан сатушы әкімшілік құқық бұзды деп танылып, 8090 теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлады Ертіс аудандық (Павлодар облысы) сотының баспасөз қызметінен.
Сот отырысында сатушы өз кінәсін мойындап, әрекеті үшін өкінетінін айтты. Ол 21 жасқа толмаған азаматтарға ішімдік сатуға болмайтынын білген, дегенмен жас жігітті ересек деп ойлап, оған спирттік ішімдікті сатқан.
Үкім заңды күшіне енді.