«Жастар -2009» республикалық жастар сыйлығы» байқауы өтеді

  АЛМАТЫ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақстан Жастарының Конгресі «Нұр Отан» ХДП-сымен, «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып жыл сайынғы ««Жастар -2009» республикалық жастар сыйлығы» байқауын өткізеді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Жастар Конгресіне сілтеме жасап.

«Жастар»  сыйлығы  18 аталым бойынша  желтоқсан айында Астанада өтеді.Сыйлық иегері заңды тұлғалар мен  қатардағы жастар да бола алады. Олардың жасы 14- 29 аралығында болуы шарт.  Байқауға қатысуға өтініш 2009 жылғы желтоқсанның 10-на дейін қабылданады. Байқау жастардың қоғамдағы рөлін арттыру, елімізді  дамытуға және өрелі істерге оларды кеңінен тарту мақсатында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар