Жастар арасында «Компания келбеті» атты фотобайқау жарияланды

Байқау шарттарына тоқталатын болсақ, байқауға жасы 25-тен аспаған жастар қатыса алады. Ол үшін ниет білдіргендер өзінің портретті суреттерін Компанияның электронды поштасына, «Компания келбеті» деген жазумен хат жібереді. Суреттер қазан айының соңғы күніне дейін қабылданады. Қабылдау уақыты аяқталған соң, арнайы құрылған комиссия жеңімпаздарды анықтайды. Фотобайқауда жеңіп шыққан бір жігіт пен бір қыз 3 жылға дейін Компанияны таныстыратын болады. Сондай-ақ жеңімпаздар кәсіби фотографтың көмегімен жеке фотосессия жасайды.
«Компания келбеті» атануға лайық фотосурет иесі ұлттық нақышта киінеді.
Айта кететін тағы бір жайт, «Транстелеком» АҚ ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған «Болашақ қала» интеграциялық жүйесін жасап жатқаны белгілі. Осыған орай, «Компания келбеті» болып таңдалған жастар ЕХРО-2017-де компанияны ғана таныстырып қана қоймай, жалпы қазақ дәстүрін насихаттауға ерекше назар аудартуды көздеп отыр.