Жастар арасындағы Қазақстан чемпионы семейлік Тәлімжан Тоқтасынов бильярдтың «Пул-9» түрінен де ел чемпионы атанды

Оған Алматы, Байқоңыр, Қызылорда, Қостанай, Семей, Теміртау, Шымкент қаларынан 15 спортшы қатысты. Бұл бәсекеде алматылық Абылайхан Қаранеевтен 6:3 есебімен басым түскен семейлік Тәлімжан Тоқтасынов ел чемпионы атанды. Қола жүлдені қостанайлық Михаил Точилкин меен алматылық Жұмабек Жүнісбек бөлісті.
Бұған дейін 13-15 мамыр күндері «Құрастырмалы пирамидадан» өткен Қазақстан чемпионатында Тәлімжан Тоқтасынов алтын, павлодарлық Азамат Әубәкіров күміс, 3-4 орынды бөліскен байқоңырлық Темірлан Көшеров пен теміртаулық Медет Тұяқов қола медальдің иесі атанған болатын. Ал 11-12 мамырда «Еркін пирамидан» болған дәл осындай дүбірлі додада М. Тұяқов жеңімпаз болып, шымкенттік Арман Оразалы күміс, Темірлан Көшеров пен өскемендік Диас Оспанғалиев қола жүлдені иеленген еді.