Жастар командалары арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық қыздар үздік бестіктің қатарына ену үшін Тайпей құрамасымен сынға түседі

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Вьетнамда өтіп жатқан жастар командалары арасындағы XV Азия чемпионатында қазақстандық қыздар 5 орын үшін Тайпей құрамасымен сайысқа түседі.
None
None

Қыркүйектің 12-сі күні Хошимин қаласында жалауын көтерген бұл додада Людмила Перевертова мен Анатолий Дьяченконың тәлімгерлері топтық кезеңде үздік шыққан болатын. Алайда 1-8 орын үшін болып жатқан сында қатарынан үш ойында Тайпей, Тайланд және Қытай құрамаларына (3:0) ұтылып, тек кеше индонезиялықтардан ғана 1:3 есебімен басым түсті. Соның нәтижесінде енді олар 5-6 орын үшін тайпейліктермен қайта кездескелі отыр. Тайпей құрамасы кешегі ойында Кореядан ойсырай ұтылған болатын. Бүгін ақтық ойында Қытай мен Корея Азия чемпионаты атағы үшін, Тайланд пен Жапония 3-ші орын, ал Индонезия мен Вьетнам 7-ші орын үшін таласады.

Соңғы жаңалықтар