09:10, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жастар зиянды әдеттермен күресуде - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Қашыр ауданының жастары зиянды әдеттерді «соттау» шарасын өткізді,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Театрландырылған қойылымдарда алкоголь, никотин және есірткілер өткір сынға алынған бұл шараны «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» аудандық үгіт-насихат бригадалары конкурсына қатысушылар өткізді. «Зиянды қылмыскерлердің» күнәларын Байғоныс, Қашыр және Песчан мектептерінің үгіт бригадаларының ұжымдары айқын және дәлелді «мойындата алды». Конкурс жеңімпаздары қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды, мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.