Жасы 16-дағы американдық қыз теңізбен әлемдік саяхатқа аттанды
АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Калифорния штатында тұратын 16 жасар қыз бала яхтамен жалғыз өзі әлемдік саяхатқа аттанып кетті. Ол осындай сапар жасаған ең жас теңізші болмақшы,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.
Эбби Сандерленд (Abby Sunderland) теңізде жарты жылға жуық болады. Ол жермен спутниктік телефон арқылы байланысады және abbysunderland.com мекен-жайы бойынша блог жүргізетін болады
Қызды жағалауда туыстары мен достары шығарып салды.