Жасыл экономикаға көшу бойынша өңірлік негізгі тетіктердің бірі - «Жасыл даму» әріптестік бағдарламасы - Елбасы

ТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Еуропа үшін қоршаған орта» атты 7-ші министрлер конференциясының жұмысы басталды.
None
None

Айта кетейік, 2010 жылдың қазанында Астанада Азия мен Тынық мұхиты аймағының қоршаған ортаны қорғау және дамыту министрлерінің 6-шы конференциясы өткен еді. Онда Қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі декларация, сондай-ақ Астананың «Жасыл көпір» атты бастамасы қабылданды. Аталған «Жасыл көпір» бастамасы Еуропа мен Азия арасындағы көпір байланысы тұрғысындағы Қазақстан Президентінің идеясын іске асырудың негізі болып табылады. Бастаманың негізгі мақсаты - экономикада «жасыл даму» саясатын алға жылжытуда Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдеріне қолдау көрсету.

Биылғы 7-ші министрлер конференциясының ашылу барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін оқып берді.

«Біз өзіміздің бастамамызды нақты істермен дәлелдеп отырамыз. Біз астаналық «Жасыл көпір» бастамасын көпшілікке таныстырдық. Бұны корейлік «Жасыл даму» бастамасын ары қарай дамыту жолы ретінде қарастырдық. Бүгінгі конференция барысында біз жасыл экономикаға көшу бойынша өңірлік негізгі тетіктердің бірі болатын «Жасыл даму» әріптестік бағдарламасын қарастыруды ұсынамыз»,-делінген Мемлекет басшысының сөзінде.

Осы орайда Президент Қазақстан бастамасы Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдері арасындағы әріптестікті нығайта түсетініне сенім білдірген.

Сонымен қатар онда тәжірибе алмасу, таза технологияларды алмасу тетіктерін құру, жасыл экономикаға көшу үшін бірлескен инвестициялар мен тиісті жобалар, сондай-ақ экожүйені сақтау шаралары бұндай ынтымақтастықтың аясында іске асырылуы тиіс екендігі айтылған.

Соңғы жаңалықтар