«Жасыл ел» еңбек жасақтары Х маусымының республикалық жабылу салтанаты өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының Х еңбек маусымының республикалық жабылу салтанаты болып өтті. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Салтанатты шараның алғашқы бөлігінде ағымдағы жылы атқарылған жұмыс барысы талқыланып, еліміздің барлық облыстарынан жинақталған штаб жетекшілерінің қатысуымен арнайы конференция өткізілді.
Облыс әкімдігі тарапынан «Үздік сарбаз», «Үздік жасақ», «Үздік жасақ командирі» және т.б. 10 номинация негізінде үздіктер анықталды. Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары С.Бескемпіров қатысып «Үздік штаб» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылған Алматы облысына автокөліктің кілтін тапсырды. Аталған шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, министрліктер мен облыстық штабтың, аудандық, қалалық жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері, жастар ҮЕҰ-ң өкілдері қатысты. Салтанатты шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.